Табиғи таза өнім – «Экобазарда»

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласында орналасқан «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп келеді. Демалыс күндері ұйымдастырылған жәрмеңкеге Сайрам ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.
Аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшылары тарапынан табиғи таза, жоғары сұрыпты және қайта өңделген өнімдері шығарылды. Атап айтқанда, Манкент және Қарасу ауылдарына қарасты консерві кәсіпорындарынан «Аят» және «Айша» сауда белгілерімен 200 литрге жуық жеміс шырындары, Қарасу ауылдық округіндегі «Арома» сауда белгісіндегі сүтті қайта өңдеу цехынан 200 келі ірімшік сатылды. Сонымен бірге «Алма» сауда маркасымен «Алма» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жанындағы етті қайта өңдеу цехынан 1500 келі шұжық және «Асан» шаруа қожалығынан 200 келі қияр, қызанақ өнімдері болды. Түркістан тұрғындары өнімдердің сапасы мен бағасының тиімділігін оң бағалады.

Түркістан облысы әкімінің
баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз