NIS Шымкент оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті


Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары  қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл ардагерімен кездесуге барып қайтты. Ұлы аяқталғаннан кейін тылда еңбек етіп,  жазушылық жолында еңбектерін соғыс тақырыбына арнаған 82 жастағы Тұрдалы Османовтың шығармаларымен танысты. Қанды жылдардың оқиғаларын 92 жастағы  Абылай Қазыбаевтан естіп, Алексей Андреевтің денсаулығын сұрап қайтты. Ардагерлер оқушыларға сапалы білім алып елімізді көркейту ұрпақтың міндеті екенін жеткізді. 

 

Ал мектептің «Жас қыран» әскери патриоттық командасы «Ұлы Жеңістің 77», «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 120 жылдығына» орай ұйымдастырылған республикалық «Кәсіпқой маман армия негізі»  олимпиадасына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 

 

Мектеп ішінде де айтулы күн аталып өтті.  «Тарихқа тағзым» тақырыбында кітапхана да кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тарихтағы ең ірі соғыстар мен соғыс тақырыбында жазылған қазақ жазушыларының кітаптары қойылды. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан Ұя» мен Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» шығармасы оқушылардың ерекше назарына ілінді. 

 

Сонымен қатар оқушылар білім ордасының алаңшасында «Бейбітшілік» тақырыбына сурет салу челленджін жасады. 

 

Пікір қалдырыңыз