Үздік аспаздарды дайындайтын ерекше колледж

Республикалық, Халықаралық кәсіптік байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері - болашақ асхана шеберлері және оқу өндірістік шеберлері Елордамызда ағымдағы жылдың 27-29 сәуір күндері өткен «ДелоРук - 2022»                                ІІІ Халықаралық Фестивалінің жеңімпаздары атанып, қанжығасы майланып қайтты. Өздерінің теңіз өнімдері,  вегетариандық ас түрлері, заманауи ұлттық тағам, тоқаш және кондитер өнімдерін дайындауда ұсынылған тапсырмалар бойынша үздік жұмыстарымен ерекшеленіп, алдыңғы үздіктер қатарынан орын алды. 


Колледждің оқу өндірістік шеберлері М.Н.Караева жетекшілік ететін «Наубайшылар тобы» алтын медаль, Ф.Тұрғанбайқызы жетекшілік ететін «Аспаздар тобы» күміс медаль, «Карамель композициясы» бойынша А.М.Тілектес алтын медаль, З.С.Заколюкина жетекшілік ететін топ «Ерекше тағамдарды әзірлеу» номинациясы бойынша  алтын медаль, А.А.Турлиева жетекшілік ететін «Табиғи өнімдерден сурет салу» тобы Арт-класс номинациясы бойынша алтын медаль, «Алтын аспаз шебері» коминациясы бойынша З.С.Заколюкина алтын медаль, «Қара жәшік» номинациясы бойынша Г.М.Рымжанова, А.М.Тілектес және З.С.Заколюкина күміс медаль иегерлері атанды. 


Аспаз қоғам сұранысына ие мамандық. Астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға дәмді тағам даярлау арқылы қуаныш сыйлай білу де шеберлік пен кәсібилікті қажет етеді.   Бүгінгі таңда, жастардың аспаздық, кондитерлік өнердің түрлі тәсілдері мен құпиясын білуге талпынысы артқан.


2021 жылы колледж базасы «Жас маман» жобасы аясында замануи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. М.Әбілдақызы бастаған колледж ұжымы Республикалық, Халықаралық кәсіптік байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Пікір қалдырыңыз