Біздің өрендер Будапештте бақ сынайды

Ақтөбе қаласында жүзу спортынан ел чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 316 спортшы қатысты. Чемпионатта топ жарғандар 18 маусым мен 3 шілде арасында Венгрияның Будапешт қаласында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Білікті басшы Денис Жарменов жетекшілік ететін Түркістан облысының су спорты түрлерінен олимпиадалық спорт мектебінің өкілдері бірнеше бағдарлама бойынша 10 жүлдеге қол жеткізді. Нақты айтқанда, жерлестеріміз 2 алтын, 5 күміс жəне 3 қола медаль жеңіп алды.
200 метрге брасс әдісі бойынша және 400 метрге аралас стильде жүзуде Дарья Марасанова 2 алтын медаль еншіледі. Ал, 400 метрге аралас тәсілде жүзу бойынша Қаракөз Даниэль күміспен күптелсе, 200 метрге жүзуден Дарья Марасанова күміс медаль олжалады. 400 метрге жүзуден командалық эстафета бойынша М.Болдырева,
К. Шашин күміс алқаны еншіледі. Чемпионатта 400 метрге аралас стильде жүзуде Дария Тоқтобаева қола медальді еншілесе, баттерфляй әдісімен 200 метр қашықтықта сынға түскен Қаракөз Даниэль үшінші орынға ие болды. 200 метрге жүзуде Дарья Марасанова қоржынға тағы бір қола жүлде салды.
Жарысқа спортшыларды жүзу спортынан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Жанас Шалдарбеков пен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Смолеев дайындады.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз