«Қалыңдықты дайындау»

Францияның атақты суретшісі Густав Курбені реализм жанрын қалыптастырушы ретінде білеміз. «Оны барлығы талантты бола тұра қарапайым адамдар секілді жүріп-тұрғаны үшін, бәріміз секілді сөйлескені, тамақтанғаны үшін жек көрді» депті замандасы Рихарда Мутер ол туралы. Демек, Густав өмірде өте қарапайым адам болғаны ғой.
Осы Густавтың «Қалыңдықты дайындау» атты картинасы 1800 жылы салынғанымен, толық бітпеген. Тек 1929  жылы ғана музейге қойылыпты. Содан бері  картина ғалымдардың қызығушылығын тудырып келеді. Қарап отырсаңыз, картинада Курбе ауыл өмірінің бір көрінісін бейнелеген. Осыған дейін де ауыл өмірін бейнелеп жүрген оның бұл туындысы сол сериялардың жалғасы іспеттес. Десек те, рентген аппараты картинаның жаңа қырын ашып берді. Енді суретке үңілген  адам бір топ әйелдің қалыңдықты ұзатуға емес, жерлеуге дайындап жатқанын аңғарады. Суретте жүзі анық байқалмайтын қалыңдықты рентген өлі күйінде бейнелеп шығарған. Әйелдер қаумаласып, қуанышты көңіл-күй танытып тұрған суреттің мұншалықты басқаша реңк алып шыға келгені несі? 
Осылай картинаны қалыңдықтың ұзату тойы деп ұғынып келген көрермен оның қаралы жиыннан салынған сурет екенін білісімен, одан бас тарта бастаған.

Дайындаған  С.ДӘНІҚҰЛҰЛЫ.
Пікір қалдырыңыз