БӘРІ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛГЕНІ ЖӨН


Бейбіт шерудің арты қақтығысқа ұласқан сәтте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елге үндеу жариялап: «Бейбітшілік- біздің еліміздің берік негізі. Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан, біз кейбір азаматтарға, оның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз» деген еді. Біздің басты тілегіміз де осы – еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы.
Қазір қақтығысқа байланысты қоғамда алыпқашпа әңгіме көп. Оның қайсысы шындық, қайсысы жалған екеніне қазір көз жеткізу қиын. Мемлекет басшысы бұған назар аударып, жазықсыз жандарды жазаламау жөнінде құзырлы органдарға тапсырма берді. Осыған орай Бас прокуратура мен ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері бүгін тергеу шаралары мен түрмелердегі ахуалды баяндап, қосақ арасында кеткендерге қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сондықтан анық-қанығы алдағы уақытта белгілі болады, оған дейін қауесет сөздерге ермеген дұрыс. Бұл қайғылы оқиға кінәлі адамдар анықталып, әділ жазасын алады деп үміттенемін. Ең бастысы, бәрі заң аясында шешілсе дейміз. Тәртіп мәселесін ешқашан босаңсытпау керек. Өйткені, тәртіп бар жерде, әділдік болады.  

Бабай АЛДАБЕРГЕНОВ,
Қарулы күштер ардагері, подполковник.

Пікір қалдырыңыз