Азық-түлік бағасы бақылауда

Сарыағаш ауданында ел Президентінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша берген тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі 
М.Отаршиевтің тапсырмасымен аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы 
А.Әмірханов жергілікті ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді. Кәсіпкерлерге Мемлекет басшысының азық-түлік бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу тапсырмалары түсіндірілді. Аудан көлемінде сұйытылған мұнай газының бүгінгі таңда саудалану бағасы қадағаланып, жанар-жағармай бекеттері қызметкерлерімен кездесу өтті. Мониторинг жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, ауданда азық-түлік бағасы тұрақты, ал, сұйытылған газ 60-65 теңгеден сатылуда.

Г.Айходжаева.
Пікір қалдырыңыз