Награда туыстарына табысталды

Алматы қаласындағы террорлық шабуылға тойтарыс кезінде ҚР   Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 2 курс курсанты Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы ерлікпен қаза тапқан болатын. Ел үшін шейіт болған батырдың ерлігі үшін Мемлекет басшысының арнайы орденін табыстау Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының алаңында бір минуттық үнсіздікпен басталды. 
Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұлан Дәулет Бауыржанұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Қаза тапқан жас жауынгердің орденін аудан әкімі М.Отаршиев оның әкесі Бауыржан Шаймұратовқа табыстады.
Рәсімде сала басшылары мен Ішкі істер министрлігінің ардагері С.Бүркітбаев марқұмның отбасына көңіл айтты.  Қоғам тыныштығы, ел біртұтастығы жолында ерліктің үлгісін танытқан Дәулет Бауыржанұлының есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Г.АЙХОДЖАЕВА. 
Сарыағаш ауданы.
Пікір қалдырыңыз