Зияткерлік мектебі грант ұсынады


Назарбаев зияткерлік мектептері 2022-2023 оқу жылына білім алу «Өркен»  гранттарына конкурс жариялады. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдауды бастады.

Құжат қабылдау 5 қаңтар мен 21 ақпан аралығында жүргізіледі. Ал кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері өтпек. Айта кетейік, құжаттарды қабылдау комиссиясы дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс ісетйді.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланған жөн. Алдын ала кезекке тіркелу керек. Құжаттар тізімі, брондау қызметі туралы  Назарбаев зияткерлік мектебінің ресми сайтынан біле аласыздар.

«Оңтүстік» ақпарат.

Пікір қалдырыңыз