Зейнетақы, жәрдемақы көбейеді

Қазақстан Республикасының «2022–2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге, ең төменгі зейнетақы 46 302 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 36 018 теңге, ең төменгі жалақы 60 000 теңге мөлшерінде белгіленді. Яғни  2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға арттырылады, ал, базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылдан аспауы тиіс)  сәйкес есептеледі. Қайта тағайындалған зейнетақыны есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы 46 еселенген айлық есептік көрсеткіш 140 818 (46*3063=140 898) теңге.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді. Ал,  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдем-ақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.                      
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топтағылар үшін – 69 155 теңге, II топтағылар үшін – 55 108 теңге, III топтағылар үшін – 37 459 теңге. Бұрын баланың мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп, 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса, енді 7 жастан бастап топтарға бөлінеді. Яғни 7 жасқа дейінгі мүгедек балаға – 50 426 теңге, ал, 7 жастан кейін  I топтағы балаға – 69 155 теңге, II  топ – 57 269 теңге, III топ 43 222 теңге  болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде мүгедектіктерге ұшырағандарға – I топ – 101 211 теңге,  II топ – 86 444 теңге, III топ – 72 397 теңге тағайындалады.  Ал, мүгедек баланың күтіміне   50 426 теңге төленеді.
Биылға енгізілген жаңалықтың тағы бірі мынадай: І топ мүгедектігіне күтім жасағаны үшін күтушіге жәрдемақы төленетін және ол бұған тек мүгедектік себебі «бала кезінен» деп көрсетілген жағдайда ғана тағайындалатын. Ал, енді мүгедектік себебіне қарамай барлық  I топ  мүгедектерінің күтушілеріне жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 1,4 есесі, яғни биыл 48 023 теңге болса, 2022 жылдан бастап  50 426 теңгеге көтеріледі.                                           
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 30 976 теңгеден, екі балаға – 53 667, үш балаға – 66 634, төрт балаға – 70 596, бес балаға – 73 117 теңгеден, алты және одан да көп балаға  75 998 теңгеден төленеді. Тұлдыр жетім бір балаға 42 502 теңге, екі балаға – 85 003, үш балаға – 127 504, төрт балаға 170 005 теңгеден беру көзделген. Тағы бір жаналық, бұрын бала жетім әрі мүгедек болса, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының біреуін ғана алып келсе, енді екі түрін алуға да құқылы. Яғни  асыраушысы қайтыс болып, асырауындағы баласы мүгедек деп танылып, тек қана мүгедектік жәрдемақы алып отырса,  енді асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы да тағайындалады.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін 116 394 теңге, төрт және одан да көп бала туғанда – 192 969 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 17 643 теңге, екінші балаға – 20 860, үшінші балаға – 24 045, төртінші және одан да көп балаға  27 261 теңге төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. Төрт баласы бар отбасыларға – 49 100 теңге, 5 баласы бар отбасыларға – 61383, 6 баласы бар отбасыларға – 73 666, 7 баласы бар отбасыларға – 85 948, 8 баласы бар отбасыларға – 98 018, 9 баласы бар отбасыларға 110 268 теңгеден төленеді.
Айта кететін жәйт, көп балалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне) 19 604 теңгеден төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5%-ға арттырылады.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жылдың қаңтар айының басында қайта есептелген сома толығымен төленеді.
                                                                                            
С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.
Пікір қалдырыңыз