Суға да ұқыптылықпен қарау қажет


 

Сумен жабдықтау көздерін тұрақты бақылауда ұстау –маңызды міндет болып табылады. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған ауыз су жинау ұнғымаларына, жерасты су көздерінен су алу кешендеріне қарасты аумаққа жауапты мекемелердің қызметкерлері арасында санитариялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депертаментіне қарасты басқармалардың және аудандық әкімдіктердің мамандарымен бірлесе өткізді.

            Қалаға қарасты аудандық әкімдіктердің мамандары ай сайын орталықтандырылған сумен жабдықтау және ашық су қоймаларының жерасты көздеріне іргелес аумақтарды бақылау жүргізеді.

            Бүгінгі таңда су алу кешендеріне қарасты іргелес аумақтарды және өзен арналары бойындағы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

            «Сайрам су»  өзенін Базарқақпа елді мекенінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі тозып, сарқын сулары ластанған. Осы жылдың басында аталған шайынды сулар жүйесіндегі орын алған ақауларды «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесі жөндеді.

            Тоғыс елді мекенінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерден шыққан сарқынды су орталық кәріз жүйесіне қосылмағандықтан, «Бадам» өзенінің ластануына әкеп соққан болатын. Бүгінде аталған кәріз жүйесінде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, ақаулар жойылып, өзекті мәселелер шешімін тапты.

Ай сайын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған орталықтандырылған су жүйелерінен, су сынамаларын зертханалық зерттеу жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесі және «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС мекемесімен қатар, жоспарланған зертханалық жоспарда көрсетілген мерзімге сай, бақылау нүктелерінен санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, радиологиялық зерттеулерге, жоғарғы технологиялық зерттеулер зертханаларына су сынамалары алынып мониторинг жүргізілуде. Қала бойынша 121 бақылау нүктелері орнатылған.

            Жыл басынан бері 1523 сынама бактериологиялық тексеруге, 287 сынама санитарлық-химиялық тексеруге алынды. Ашық су көздерінен 80 сынама санитарлық-химиялық зерттеулерге, 52 сынама бактериологиялық тексеруге  алынып, қорытындысы бойынша оң нәтиже анықталмады.

Су қорғау аймақтарын, ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған стратегиалық нысандардың, ашық суаттардың, су қорғау белдеулер шегін таза ұстауға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-түсіндіру жұмыстары Департаментке қарасты аудандық басқармалармен және аудан әкімдіктермен жүргізу жалғасуда.    

 

 

А.Тулебаев,

Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы.

Пікір қалдырыңыз