3 698 адам ревакцинация жасатты

Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мен Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары Асқар Ысқақов Түркістан өңірлік коммуникация қызметінде өңірде «COVID-19» індетін  болдырмауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг берді.

 

Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанованың мәлімдеуінше, Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны бүгінгі таңға 15 717-ні құрап отыр. Жазылып шыққандар саны – 15 551. Соңғы тәулікте 9 адамнан КВИ белгілері анықталса, оның  ішінде симптомсыз науқастар тіркелмеді.

«Түркістан облысына ақпан айынан бастап вакцинацияның 1 046 130 дозасы жеткізілді. Жалпы 150 егу пунктінде І компонентті – 1 034 179 адам ІІ компонентті 1 001 786 адам қабылдады. Сонымен қатар, ревакцинация жүргізілуде. Ревакцинацияға 18 770 вакцина жеткізілді, бүгінге дейін 3 698 адам егілді. Сондай-ақ облыста «Pfizer» вакцинасының І компонентін 36 684 адам алса, ІІ  компонентін 1 635 адам қабылдады. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда. Түркістан облысында күтілетін КВИ-ға қарсы вакцинаны салдырту жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде жүргізілуде», – деді Алтын Мейрамбайқызы.

Ал, Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары Асқар Ысқақовтың мәліметіне жүгінсек, облыста  жыл басынан   карантин талаптарын сақтамаудың 4 714 фактісі тіркелген. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан аспайтын отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген. Алайда бұл шектеулерге қарамастан өңір тұрғындарының көпшілігі 100 адамнан артық мерекелік іс-шараларды өткізген фактілер тіркелді.

«Қыркүйек айынан бері карантин талаптарын бұзу бойынша 7  той анықталды. Жетісайда – 4 той, Сарыағашта – 2 той,  Келес ауданында  1 отбасылық мереке тіркелген. СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұл салынды. Жыл басынан бері 4 714 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 558 000 тг  көлемінде айыпұл салынды», –деді Арман Бекболатұлы.

 

 

                                               Ысқақ САДЫҚ,

                                               «Оңтүстік Қазақстан».

Пікір қалдырыңыз