Әлем біріншілігінде топ жарды

Талдықорған қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер, жастар және әйелдер арасында әлем кубогі өтті. Кеңес одағының Батыры, даңқты генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған турнирге дүние жүзінің 11 мемлекетінен келген спортшылар бақ сынады.
Турнирде тартысты өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары 4 алтын, 3 күміс медаль иеленді. Жүлдегерлер – жоғары спорт шеберлігі мектебінің сайыпқырандары.
Жекпе-жек бәсекесінде Асқар Әбдімомынов, Меруерт Нұрмаханова мен Махсуда Жаппарова күміс жүлдегер атанды. Ал, Бекжан Әбілқасым, Әділ Шәкір, Мейіржан Әниятов және Бексұлтан Нұржігіт алтыннан алқа тағынды.

 «Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз