Кәсіпкер футбол алаңшасын тарту етті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында белгілі кәсіпкер, меценат Қайрат Молдасейітов Түлкібас ауданы, Шақпақбаба ауылының жастарына кіші футбол алаңшасын тарту етті.
Ауыл жастарын қуанышқа бөлеген кәсіпкер аталмыш нысанның құрылысына 9 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсаған.
Нысанның ашылу салтанатында ауыл тұрғындары игі іске мұрындық болған «Кентау» ЖШС өкілдеріне алғыстарын білдіріп, ауыл қариялары ақ баталарын берді.
Алдағы уақытта ауыл әкімдігі тарапынан алаң аумағын абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Оңтүстік»-ақпарат.
Пікір қалдырыңыз