Катарды өңіріміздің туристік әлеуеті қызықтырады

Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында «IFP Group» компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық көрме өтуде. Оған Түркістан облысының Туризм басқармасы және «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының өкілдері қатысуда. Мақсат – Түркістан облысының туризмін әлемге таныстыру.

Көрме аумағында қатысушаларға 12 шаршы метр көлемінде тегін алаң бөлінген. Қазіргі таңда аталмыш іс-шараға Австрия, Аргентина, Беларусь, Бельгия, Ботсвана, Болгария, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мексика, Нидерланды, Оман, Пәкістан, Палестина, Парагвай, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Хорватия, Франция, Жапония, Швеция, Түркия, Украина, Венесуэла елдері қатысуда.

Катар тұрғындарының Қазақстанның туристік нысандары мен көрікті орындарына деген қызығушылықтары ерекше. Сондықтан Түркістанның бүкіл түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі екені ескеріліп, көрмеге Түркістан облысы шақырту алды. Халықаралық іс-шараға Түркістан облысы өкілдерінің қатысуы Катардан инвестиция мен саяхатшыларды тартуға ықпал ететіні анық.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз