Белсенді жастар бас қосты

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Төртінші онжылдықтағы тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық форумы өтті.

Жиынға Түркістан облысының белсенді жастары қатысты. Басқосу барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз алып, форумға қатысушыларға ізгі тілегін жолдады. Сондай- ақ, «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті және қоғам қайраткері, «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов, Түркістан арнайы экономикалық аймақ қызметкері «Болашақ» МБ түлегі Алмас Жақсылықов, жас ақын Рысгүл Досжанова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерасыл Төлебаев, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек, «Ұлы Дала Елі орталығы» гид-экскурсоводы Амина Егізбаева жастарды жігерлендіретін ой-мақсаттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, форум аясында кәсіпкер жастардың көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара соңында белсенді жастар марапатталды.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Пікір қалдырыңыз