Онлайн тәртібі жұмысты оңайлатады

Ұлттық статистика бюросы Түркістан облысы бойынша департаментінің статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас маманы, баспасөз хатшысы Баян Әшімованың айтуынша, биылғы 24 қазанға дейін өңірімізде тұратын 2 061 562 адамның  940 059-ы немесе 45,6 пайызы онлайн санақтан өткен. Мемлекеттік маңызы бар саяси науқанда Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданы алда келеді. Оларда бұл көрсеткіш тиісінше 70 және 62 пайызды құрады. Сонымен қатар, Бәйдібек, Отырар, Мақтаарал және Түркістан қаласында бұл жұмыс біршама жолға қойылған. 
Облыс бойынша офлайн санақ та қатар жүргізіліп жатқанын айта кетуіміз керек. Яғни үй-үйді аралап, сұхбат жүргізушілердің қолдарында жеке-жеке планшеттері бар. Олар әр отбасы мүшелері туралы толық жинақтаған мәліметтерді ортақ базаға енгізеді. Жинақталған ақпараттар өңделіп, зерделенген соң ғана түпкілікті жария етіледі. Аталмыш департамент қызметкерлері  офлайн санақ қорытындысы жайлы ақпараттарды кейін хабарлауға уәде етті.                                                                          

Пікір қалдырыңыз