Денсаулық сақтау: 9 айда не өзгерді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың қатысуымен Қоғамдық денсаулық басқармасының 2021 жылғы III тоқсан қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі нәтижелер туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.

Кеңейтілген алқа барысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар индикаторларының орындалу барысы, кардиологиялық, инсульттік, туберкулезге қарсы және басқа да қызметтердің есебі тыңдалды.
Түркістан облысында ана өлімі 28,4%, ал, сәби өлімі 7,9%-ды құрайды. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтап, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек.
Облыс бойынша халықтың арасында туберкулездің таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 25,8%-дан келеді. Балалардың арасында туберкулез 2,1 пайызға төмендеген.
Кеңейтілген алқа отырысында облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов COVID – 19 індетіне қарсы вакцинацияның маңызына тоқталды. Өңірде екпе салатын 150 пункт ұйымдастырылған. Қатерлі індетке қарсы екпені 972382 адам қабылдады. Екінші компонент бойынша 873912 адам екпе салдырды. Бүгінде Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңір «жасыл аймақта» тұр.
Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 82% интернетке қолжетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген.
Жиналыс соңында облыс әкімінің орынбасары медицина саласына жауапты басшылар мен өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, елдің денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз