Түркістан: Сайрам ауданында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 100 млрд. теңгеге жетпек

Сайрам ауданында биылғы 9 айда 81,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің 58% -ын құрайды. Жыл соңына дейін салада өндірілетін өнім көлемін 100 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.

Қазіргі таңда аудандағы жылыжайдың жалпы көлемі 52 гектарға, ал қарқынды бау егілген жер көлемі 500 гектарға жуықтаған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында бірнеше тың жобалар іске асырылмақ. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ ауылдық округінде 3,5 гектар жылыжай кешені салынады. Жалпы құны 1,5 млрд. теңгелік жобаны «Нұр-Агро» ЖШС қолға алуда.

Сонымен қатар, «Көмешбұлақ» ЖШС жылына 1 млн. балық шабағын өндіруді жоспарлап отыр. Жоба құны 50 млн. теңге. Ал, Көлкент ауылдық округінде 29 га. қарқынды бау кешені іске қосылмақ. Бұл жобаның құны 400 млн теңге. Осы жобалар іске асса, ауданда тағы 380 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Пікір қалдырыңыз