Түркістан облысының пробация қызметкерлері жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты

Түркістан облысының пробация қызметкерлері жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Ордабасы пробациясы мен аудандық “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігі есепте тұрған жағдайы төмен үш отбасыға азық-түлік себетін берді. – Осы ретте Пробация қызметкерлерінің қадағалау, қылмыстың алдын алу, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу, дұрыс өмір бағытын таңдап салауатты өмір жолына түсуіне ықпал жасауда атқарар міндетін ерекше атап өтуіміз керек. Өзекті мәселе осы қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылғандардың тәртібі болып табылады. Жыл басында “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігімен мемарандум құрылып, осы бойынша жұмыстар жанданып, өз ретімен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ордабасы аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тіркеуде тұратын шалыс басқан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұрмыс жағдайы төмен үш отбасы Ордабасы аудандық “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бір ай көлеміне жететін азық-түлікпен қамтамасыз етілді, – деді Ордабасы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Айдос Пернебаев. Сотталған азаматтардың пробация қызметі бөліміне айтар алғыстарыда аз емес, отбасыларымен қоса қуануда. – Пробация қызметі бөлімінің есебінде тіркеуде тұратын әрбір отбасының тұрмыс-жағдайлары бізге тайға таңба басқандай белгілі. Пробация қызметі бөлімінің есебінде тіркеуде тұрған тұрмысы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Бұл игі іс-шара алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады, – деп сөзін түйіндеді Айдос Асылханұлы. – Қазіргі таңда азық-түлік бағасының шарықтап кеткені баршаға мәлім. Осындай қиын-қыстау кезде пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасына көмек қолын созып отырған қызметкерлерге алғысым шексіз. Әрине, адам өмірде жаңылады, қателеседі. Сол өзінің жасаған қателігінен оң нәтиже шығарса игі. Менің балам да ойнап жүріп от басқандардың бірі. Қазіргі таңда, өзінің жасаған қателігі үшін заң алдында жауап беруде. Алдағы уақытта мұндай қателік жасамайды деген сенімдемін, – деді пробация қызметінің есебінде тұрған Нұлыбек есімді азаматтың әкесі.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynyng-probatsiya-qyzmetkerleri-zhaghdajy-tomen-otbasylargha-azyq-tulik-taratty/


Пікір қалдырыңыз