Президенттен күткеніміз осы еді

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған дәстүрлі Жолдауын тағатсыздана күткеніміз рас. Өйткені, бүгінгі күні Қазақстан халқы да әлем елдеріндегі ауыртпалықты өткеріп отырғаны анық. 

Ол ауыртпалық: экологиялық жағдай, экономикалық дағдарыс, пандемия, тағы тағылар... 
Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екендігін көрсетті. Үкімет тарапынан жедел шаралар қабылданды. Дегенмен бұл салада әлі де жүйелі жұмыстар атқарылуы керектігін Президент атап айтты. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейтіп, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талаптарын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейту керектігін ескертті. Қасым-Жомарт Кемелұлынан күткеніміз де осы. 
Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің QazVac вакцинамыз тиімді әрі қауіпсіз екенін және елімізде вакцина қоры жеткілікті екенін атап өтті. 
Әлемді жайлаған пандемия елді есеңгіретіп тұрған уақытта Қазақстан халқын нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдауда барлық сала толықтай қамтылды. 
Жалпы Жолдауды қолдаймыз. Жолдау орындалуымен құнды. Орындалатынына біз сенімдіміз. 

Асқар КЕНЕХАН,
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты, 
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры.
Пікір қалдырыңыз