Шалғай ауылдарға ауыз су келді

Келес ауданының көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Біртілек ауылдық округінің 5 елді мекеніне ауызсу тарту жұмысы жүргізілуде. Соның бірі – Көлтоған ауылына бүгін ауызсу берілді. Жалпы, 2019 жылы құрылысы басталған нысан 300 отбасыны ауызсумен қамтуға жоспарланған. Құрылысты жүргізген мердігер мекеме – «Строй Жол Сервис» ЖШС.
Айта кетейік, Келес ауданы бойынша бүгінгі таңда 15 елді мекенді ауызсумен қамту жұмыстары атқарылуда. Олардың арасында аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай және Жамбыл ауылдық округінің елді мекендері де бар. Басым бөлігі биыл жыл соңына дейін қолданысқа берілсе, бірқатар нысандар келер жылы ел игілігіне тапсырылатын болады.
Пікір қалдырыңыз