Үшем дүниеге келді

Жуырда Ордабасы ауданында үшем дүниеге келді. Аудандық орталық аурухананың  мәліметінше, нәрестелер облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан. Ота арқылы босанған Нұрсұлу Төлегенованың қазіргі жағдайы қалыпты. Үшемдерге жақындары Ернұр, Арнұр мен Балнұр есімдерін қойған. Олардың салмағы: 2070 грамм, бойы – 48 сантиметр, 2495 грамм, бойы – 47 сантиметр, 2300 грамм, бойы – 47 сантиметр. Қазіргі таңда сәбилер салмақ қосып, жағдайлары жақсарып келеді. 
Айтулы күнде аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев, Қараспан ауылының әкімі Нұржан Омаров еліміздің демографиясына айрықша үлес қосқан аталмыш ауыл тұрғыны Нұрсұлу Төлегенова мен Оңғарбек Алпамысты арнайы барып құттықтады. Олар нәрестелердің дені сау, абыройлы азамат болып өсуін тілеп, сый-сияпаттарды тарту етті.
Айта кетсек, бұған дейін төрт перзенті бар келіншек енді 7 баланың анасы атанды.

Пікір қалдырыңыз