Маман дәрігерлердің орны бөлек

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өзекті әрі өткір мәселелерді жан-жақты айшықтап, алдағы жоспарларды нақтылады.

«Пандемиямен күрес әлі де жалғасып жатыр, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін күш-жігерімізді салдық. Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болып жатыр» деді Мемлекет басшысы. 

Президент ДДСҰ-ның пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет деген болжамын айтып, елімізде індетпен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленетіндігін жеткізді. 

Пандемиямен күрес баршамыздың міндетіміз. Тосыннан келген кеселге қарсы тұрудың маңыздылығы облыс эпидемиологтары үшін де оңайға соқпады. Індеттің өршіген тұсында эпидемиолог мамандарының тапшылығы айқын байқалды. Ел Президентінің медициналық инфра-құрылымды дамыту, оның ішінде пандемия кезеңінде эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сияқты сирек мамандықты иеленетін дәрігерлерді даярлау туралы көтерген мәселесі өте орынды, әрі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болып отыр. 

Мемлекет басшысының дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өткендігі бізге шабыт сыйлап, жұмысқа деген құлшынысымызды арттыра түсті. 

Нұрбек НЫШАНОВ, Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Пікір қалдырыңыз