Халық қалауы — бірінші орында

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық бағыттарға басымдық берілген биылғы Жолдауында 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетіні айтылды. Бұл ел таңдауының бірінші орында екендігін тағы бір рет дәлелдейтін реформа болғалы тұр. Өйткені, биыл ғана өткен ауыл әкімдерінің тікелей сайлауында тұрғындардың таңдауы маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздік. Бұл туралы сөз қозғаған Президент те ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың маңызды қадам болғанын айтты. 

Олай деуіне толықтай негіз бар. Себебі, дәл осы ауыл округтері әкімдерінің сайлауынан соң ел арасында ешқандай қаңқу сөз де, әділетсіздікті жыр еткен әңгімелер де айтыла қойған жоқ. Бұл нені білдіреді? Әлбетте, біз айтып отырған пилоттық реформа қашан да бірінші кезекте халықтың мүддесі екенін дәлелдеп, елдің ешқашан өз қалауына қарсы шықпайтынын білдіреді. Енді 1-2 жылдан кейін ел тұрғындары аудан әкімдерін сайлап, ол реформа ауыл әкімдерін сайлағандай әділ өтсе, бұл жарқын болашаққа жасалған тағы бір қадам болады.

Ілесбек НҰРТАЕВ,
Келес аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.
Пікір қалдырыңыз