Мобильді топтардың жұмысы талқыланды

Түркістан облысында жалпы 987 726 адам ПТР тест тапсырып, тексеруден өтті. Соңғы тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 

Облыс бойынша 3 мыңдай инфекциялық және карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Онда 1 мыңға жуық науқас ем қабылдауда. Облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және мобильді топтар жұмыстарының нәтижелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.
Күнделікті тіркеліп отырған науқастар көрсеткіш бойынша Түркістан облысы соңғы орында. Ал, коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша алғашқы қатарда.
«Біз «жасыл аймақта» тұрмыз. Ұйымдастыру жұмыстары, санитарлық тәртіп ары қарай жалғасадыВакцинация жасауға келсек, әлемде миллиондаған адам вакцинадан өтті» деді облыс әкімі.
Кешегі күні Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан қосымша 50 000 доза көлемінде QazVac отандық вакцинасы жеткізілді. Жалпы вакцинация басталғалы облысқа 900 мыңға жуық доза жеткізілген. Айта кетейік, 770 мың адам вакцинаның бірінші құрамын салдырса, екінші компонентін 630 мыңға жуық адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, қытайлық CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Облыс аумағында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша құрылған мобильді топтар мониторинг жасау жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері облыс бойынша жасақталған 131 мобильді топ 200 мыңнан астам нысанды араланған.
Пікір қалдырыңыз