Дәстүрлі оқу: Қандай санитарлық талаптар сақталуы тиіс?

Санаулы күннен соң алғашқы қоңырау соғылады. Осы орайда пандемия жағдайында мектептердің жұмысы қалай болмақ, қандай санитарлық талаптар сақталуы тиіс? 

«Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын алдын алу мақсатында алдымен мектепте оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар басқа да қызметкерлер міндетті түрде маска тағуы қажет. Және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ №611 бұйрығына сәйкес сыныпта 25 оқушыдан артық болмауы тиіс. 
2021-2022 жылғы оқу жылын ұйымдастыру, одан бөлек сыныптардың толымдылығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айқындалатын болады»,  деген жауап келді департаменттен. Сондай-ақ, санитарлық талаптарға сай сыныптарда күніне кемінде 2 рет дезинфекция жүргізілуі тиіс. «Сабақ арасындағы үзілістер әр буын (төменгі, ортаңғы, жоғары сыныптар) үшін әртүрлі уақытта болуы тиіс. Оқушылардың шоғырлануы болмау үшін әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын мұғалімдер қадағалағаны жөн. Сонымен қатар «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ №611 бұйрығына сәйкес сыныптарда күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсері бар дезинфекциялаушы заттарды қолдана отырып ылғалды тазалық жұмысы жүргізілуі тиіс» делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз