ЖАС СПОРТШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

  • ҚР БҒМ 2021 жылға бекіткен жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында 10 ауысымы  23 шілде  06 тамыз аралығында «Мақсат. Қозғалыс. Жеңіс!» республикалық спорт эстафетасы атауымен өтуде.

    Ауысымға еліміздің сегіз өңірінен халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық спорт жарыстарының жеңімпаздары, спорт мектебінің оқушылары жиналды.

    Салауатты өмір салтын жан-жақты насихаттау, спортқа деген қызығушылығын ояту, физикалық және рухани дамыған ұрпақ қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар мен спорттық жарыстар жоспарланды.

    Жаздың жайма-шуақ күндерінде, демалуға келген әр бала  әр күнін босқа өткізбей, таудың саф ауасымен тыныстап, мөлдір бұлақтың суына шомылып,сайыстарға белсене қатысып, алтын уақыттарын тиімді пайдалануда. Спорттың бірнеше түрінен сайыстарға қатысып, денсаулықтарын нығайтты. «Еліміздің ертеңі жастар!» - демекші келешекте осы жас жеткіншектеріміз көк туымызды көкке желбіретеді деген сенімдеміз. 

     

     

    Салтанат Қанаева,

    «Балдаурен» росо филиалы әдістемелік бөлімнің әдіскері.

Пікір қалдырыңыз