Қайтарымсыз грант 3 мыңнан астам адамға беріледі

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. 2021 жылы мемлекеттік грантты 3100 азаматқа, оның ішінде 1553 жасқа беру жоспарланды. 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 2500 адам грант алған (81%), олардың 950-і жастар, 79-ы мүгедектігі бар азамат, 919 адам аз қамтылғандар қатарынан, 300 адам көп балалы отбасылардың мүшелері, 6 қандас, 1 адам пробация есебінде тұрған, 245-і басқа санаттағы азаматтар.

Грант алушылардың 218-і кәсіпкер ретінде тіркелді, қалған 2282 адам – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады. Табысы аз немесе көп балалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар гранттар алуда басым құқыққа ие.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушыларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту талап етілмейді. Мемлекеттік грант алушы грант алған күннен бастап он екі ай бойы бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайды.

Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грант алған күннен бастап салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын растайды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда Халықты жұмыспен қамту орталығы аудан (қала) әкімімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мақсатсыз пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2 пікір

  • Алпысбай мейрамбаев
    Алпысбай мейрамбаев

    + 77052547324 вацап

  • Алпысбай мейрамбаев
    Алпысбай мейрамбаев

    Каитарымсыз грантка кол жеткизсем

Пікір қалдырыңыз