«Тұран» жеңіске жетті

Түркістан қаласында Футболдан Olimpbet-Қазақстан кубогының төртінші тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы «Түркістан Аренада» Алматының «Қайрат» футболшыларын қабылдап, тартысты өткен бәсекеде 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Алайда, қайсар мінез көрсеткен «Тұран» командасының ойыншылары бапкерлердің қойған тактикасын дұрыс орындап, 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды. Команда құрамында Мардан Төлебек алғашқы голдың авторы атанса,  Дінмұхамед Омаров екінші голды еншісіне жазды. Ал, нигериялық легионер Стэнли Нкоби екі голдың авторы атанып, аса тартысты өткен кездесуде әріптестеріне жеңіс сыйлады.

Енді 8-ші тамыз күні тұрандықтар Olimpbet-Қазақстан кубогы үшін өтетін кезекті турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдайды. Жерлестерімізге сәттілік серік болсын!

Пікір қалдырыңыз