Депутаттар оттегі баллондарын табыстады

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болып, тұрғындарға «Біз біргеміз» акциясы аясында көмек көрсетуде.

Мәселен, осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып,  қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева жеке өзінің есебінен  жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана кислород баллоны жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық  ауруханасына табыстады.

Іс-шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасарлары Төлеген Жолдасұлы және Нурали Рахматалиұлы қатысты.

Халық қалаулысы Динара Асылқызы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді.

«Барша науқастарға  қажетті аппаратты сыйға тарту ізгі амал,  жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда себепші болары айтпаса да белгілі» деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нурали Ирсалиев.

Мұндай игі іс Түркістан облысы, Арыс қаласында да жалғасын тапты. Оттегі тапшылығын болдырмау және алдын алу мақсатында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық мәслихатындағы фракция мүшесі  Қалдыхан Өтегенов  Арыс қалалық орталық ауруханасын 40  оттегі баллонымен қамтамасыз етті.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз