Алғашқы өнім жинала бастады

Түлкібас ауданында биыл бір жерден екі-үш өнім алуға ниет білдірген 185 шаруа қожалығының біршамасы алғашқы өнімдерін жинауда. Қазіргі таңда бірінші өнім ретінде аймақтағы шаруашылықтардан 250 тонна картоп, 1,3 мың тонна қияр, 1,1 мың тонна сәбіз, 500 келі сарымсақ, 500 келі баялдыр, 800 келі аскөк жиналған.

Сондай-ақ, Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы жалпы көлемі 9 гектар жердің 3 гектарына пияз, 1 гектарына қызанақ, қалған 5 гектар жерге қияр еккен. Қожалық өкілі Рахым Төлепбергеновтің айтуынша, бұл кәсіп әкеден қалған мұра. Ағайынды төрт жігіт бүгінде шаруа қожалығының жұмысын өрге домалатып отыр. Қазіргі таңда қиярдың бірінші өнімін теру науқаны аяқталуға жақын. Жиналған картоптың орнына қиярдың күзгі түрі егілмек. Негізгі өнімі қияр болғандықтан, осы көкөніске баса назар аударылған. Жиналған өнімдердің барлығы консервілеуге жіберіледі. Ал, қызанақ пен пияз жергілікті тұрғындарға сатылымға шығарылады. Бір жерден бірнеше өнім алу жобасын тиімді пайдаланып келе жатқан қожалық бүгінде оннан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Теру маусымы кезінде жұмысшылар саны көбейеді.

               

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір қалдырыңыз