Екпенің елге пайдасы зор

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеретін болсақ күн сайын науқастардың саны артуда. Вакцина салдыру – мемлекеттік талаптардың бірі.

Біздің отбасы түгел вакцина салдырдық. Бірінші компонентін салдырған соң дене қызуымыз сәл көтеріліп, ауырсынған белгілер байқалды. Мұны дәрігерлер ескерткен. Осы арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қостық деген ойдамыз. Екпе салдыру – ең алдымен өзім, отбасымның амандығы үшін керек. Қазіргі жағдайды күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, көріп те жатырмыз. Бізбен араласып жүрген жақындарымыздың өзі ауру жұқтырып, кейбіреулері қайтыс болып кетті. Сол үшін барынша сақтанып жүргеніміз абзалырақ. Ел арасында түрлі қауесет таратып, іріткі салушылар табылып қалады. Мұндай жалған ақпараттарға сенудің қажеті жоқ. Мемлекет өз халқына толығымен сыналған, арнайы тексерулерден өткен препараттарды ғана ұсынып отырғанын ескерген жөн. Әрине, қоғамда түсінбеушілік танытып, мәселеге тереңінен үңіліп жатқандар аз. Сол себепті де бойдағы үрей мен қорқынышты жеңдіріп, ауырмаудың жолын қарастырған дұрыс. Болашақта аман-сау болуымыз үшін шешімді бүгіннен бастау қажет. Мен ылғи әлеуметтік желілердегі парақшамда әріптестер мен таныстарды вакцинация жасауға насихаттап келемін. Өз өміріне бей-жай қарамауға, ең бастысы, өзінің денсаулығы үшін екпені салдыруға шақырамын. Денсаулықтарыңыз – өз қолдарыңызда! Асығыстық танытпай, дұрыс шешім қабылдайық! 

 

Тұрар ОМАРОВ,

Кентау қаласындағы №10 жалпы орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

3 пікір

  • Омаров Турар Мадениетович
    Омаров Турар Мадениетович

    Көп рахмет сіздерге. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Әрдайым отбасыларыңыз аман болсын. Тек жақсылықта кездесейік. Бәрі жақсы болады. Тек қана алға.

  • Омаров Турар Мадениетович
    Омаров Турар Мадениетович

    Көп рахмет сіздерге

  • Омаров Турар Мадениетович
    Омаров Турар Мадениетович

    Рахмет сіздерге.

Пікір қалдырыңыз