Әкім сайлауына «Партиялық емес байқау орталығы» бақылау жүргізеді

Орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту іс-шараларын өткізген.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі өткізілетін болады. Осыған орай, Қазақстанда «Партиялық емес байқау орталығы» өз жұмысын жалғастыруда. Сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған аталмыш ұйым барлық сайлау учаскелеріне бақылау жасайтын болады.

 

Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыстарда филиалдары бар және мемлекеттік деңгейдегі сайлау кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыруға және қорғауға өз ниетін білдіреді.

 

"Партиялық емес байқау орталығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бектай Ормановтың айтуынша, ұйым алдағы ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына белсенді қатысады.

 

Орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту іс-шараларын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда, Түркістан облысында 181 ауыл округі болса, биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 60 ауыл округінің 242 сайлау учаскесінде өткізілетін болады.

 

Пікір қалдырыңыз