6 баланың анасы үшем босанды

Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды. Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келді.

Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Мерзімінен ерте туған үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, жағдайы жақсарған. Түркістандық дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған нәрестелер аман қалып, аналары оларды бауырына басты. Мамандардың сөзінше, қазір олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ. Нәрестелерге жақындары Хасан, Хусан мен Мухаммад есімдерін берген.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз