Ұйымдық мәселе қаралды

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLV конференциясы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселеге орай делегаттардың дауыс беруімен Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлының кандидатурасы бірауыздан қолдау тауып, ол «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістанның стратегиялық маңызы бар қала екеніне тоқталып, жаңа төрағаның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Қала әкімі, қалалық филиал төрағасы Н.Тұрашбеков ел сенімін ақтау жолында аянып қалмайтынын айтты.

Пікір қалдырыңыз