Бес айдағы белес

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жоғары бағаланды

Түркістан облысының құрылғанына таяуда үш жыл толды. Осынау үш жылда бұл өңірде атқарылған жұмыс көп. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа қаладағы «Farab» кітапханасында баспасөз конференциясын өткізіп, БАҚ өкілдеріне өңірдің басты жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында 2021 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын баяндады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен шарада көптеген мәселелер әңгіме арқауына айналып, атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды.

 

Жалпы өңірлік өнім

Иә, Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстағы жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 41 пайызға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 34 пайызға немесе 185,4 млрд. теңгеге артты. Соңғы 3 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1,6 трлн. теңгені құрап, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі  968,5 млрд. теңгеге жетті. 736 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.

 

Өнеркәсіп

Ағымдағы бес айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 млрд. теңгеге артты. 110,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын және 4 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480,5 млрд. теңгені құрайтын 46 жобамен толықты. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің көлемін 2021 жылы 565 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні өңірде 141 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге берілген қаржы көлемі 3 жылдың ішінде 97,2 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде ағымдағы жылдың 5 айында 28,8 млрд. теңгеге 537 жоба мақұлданды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында 5 айда 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9%-ды құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,9 есеге артты. Биыл егіс көлемі 845 мың гектарға орналастырылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Жаңадан 54 гектарға жылыжайлар салынып, оның жалпы көлемі 1 300 гектарды құрады.  74 мың тонна өнім өндірілді.

Мал мен құс басы және өнімділік орташа 4-5 пайызға артуда. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8 мың 900 гектарға 2 771 жоба жүзеге асырылып, 91 мың  тонна көкөніс өнімі жиналды. Қала аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 35,5 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Еңбек өнімділігі 18,9%-ға артып, жылдық жоспар толығымен орындалды. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығының өнім көлемі 850 млрд. теңгеге жеткізіледі.

 

Инвестиция

5 айда облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3 пайызға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 81 жобаны жүзеге асыру күтілуде. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда.

 

Құрылыс

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 70,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 73 пайызға артты. 2021 жылдың қорытындысымен құрылыс жұмыстары 305,9 млрд. теңге мөлшерінде жоспарлануда. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 162,7 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға артты. Облыста тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 790 мың шаршы метр болып белгіленді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге  бөлініп, ағымдағы жылы 29 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің 717 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 1 504 мың тұрғынға немесе 93,3%-ға  жетеді.

Табиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлініп, оның ішінде 24 нысан (21 е.м) пайдалануға берілсе, қалған 63 нысан  2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 444 елді мекен (52,6%) немесе 1 млн. 343 мың тұрғын (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Электрмен жабдықтау бойынша 2021 жылы 54 нысанның құрылысына 8,5 млрд.теңге қаржы бағытталып, 7 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 13 елді мекен немесе 14 мың тұрғын электр қуатымен қамтылады.

2021 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға 321 нысан немесе 1 179,6 шақырым жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79 пайыздан 89 пайызға дейін артады.

 

Кешенді жобалар

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталып, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарға 3,6 трлн. теңгенің 141 іс-шарасы енгізілді. Оның ішінде 2,7 трлн. теңге немесе 75 пайызы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Соның ішінде Түркістан қаласы аумағында суландыру жүйесін қалыптастыру және 200 млн. текше метр ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Солардың бірі – «Састөбе» химиялық кешені» құрылысының жобасы (химия өнімдерін: каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру). Құны 136,6 млрд.теңге. Мұнай өңдеу зауытының құрылысы (5 класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 2 000 000 тонна көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша мұнай-химия комбинаты). Көмір-химиялық зауытының құрылысы (5-сыныпты мотор отынын және мұнай – химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 100 мың тонна көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу жөніндегі көмір – химия комбинаты). Фосфор кендерін өңдеу зауытының құрылысы. Құны 129,9 млрд.теңгені құрайды. Тұрмыстық техника өндірісі. Өгем өзенінде СЭС каскады құрылысы (СЭС-тің жаңа жоғары технологиялық каскады оңтүстік өңірдің ең жоғары жүктемелерін жаба отырып, реттеу мүмкіндігімен электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады). Құны 130 млрд.теңге (іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар, ашылатын жұмыс орны 150 адамды құрайды).

Түркістан қаласын одан ары қарай дамуының 2-кезеңіне келетін болсақ, ол 4 аумақта жүзеге асырылатын болады: 1-аумақ. Аэропорт аумағы: 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде, 100 орынды қонақүй, 3 самолетке ангар, 400 гектар қара өрік бағы, 50 гектар жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады. 2-аумақ. Әкімшілік-іскерлік орталығы: 57 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы.

Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көп бейінді аурухана (МЖӘ), жедел медициналық жәрдем стансасы және Ана мен бала орталығы салынады. 3-аумақ. Б.Саттарханов даңғылы: спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га университеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені. 4-аумақ. Мәдени-рухани орталық: Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақүйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынады.

Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77 пайызы жеке инвестициялар болып табылады. Яғни бюджеттен бағытталған 1 теңгеге жеке инвестициялардың 3 теңгесі тиесілі. Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізілетін болады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген облыс басшысы өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынған «Қасқасу» тау-шаңғы курортындағы бүгінгі жұмыстарға тоқталды.

«Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 млн. адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мысалы, «Қасқасу» тау-шаңғы жобасын Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында құру жоспарланған. Жоба туристік саланы дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген» деді облыс әкімі өз сөзінде.

Түркістан аумағындағы жаңа су қоймаларына қатысты сауалға жауап берген өңір басшысы киелі шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында ірі су нысандарының құрылыстары қолға алынғанын жеткізді.

Түркістан магистральды каналында  жүргізілген күрделі жөндеу нәтижесінде 60 млн. текше метр су үнемделіп, 8 шақырым қала аумағы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43 пайызға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні  36 шақырым каналды бетондау жұмыстарының нәтижесінде 22 млн. текше метр су үнемделіп отыр. Қала аумағындағы 1,5 шақырым канал бойы абаттандырылды.

«Қолға алынған «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы аясында бөгет 34 шақырым ұзындыққа көтеріліп, биылғы жылдың өзінде 250 млн. текше метр су жинақталды. Бұл жоба алдағы уақытта Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқауға болады. Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз етудегі маңызы өте жоғары болып табылады» деді Өмірзақ Шөкеев.

Журналистердің сұрағына берген жауабында облыс әкімі Түркістан қаласын әлемдік стандартқа сай дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Түркістан облысы – тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1 663 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризм саласы 3 бағытта қарқынды дамуда.

Жалпы өткен жылы облыс аумағында орналастыру орындарының құрылысы бойынша 15,6 млрд.теңгеге 10 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 500-дей жаңа жұмыс орындары ашылды. Түркістан қаласында тәуелсіз Қазақстан тарихында елімізде алғаш рет әуежай құрылысы жүргізілді.

Қазақстандағы туристік сала кадрларының қажеттілігін және туризмде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Түркістан халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды, онда білім алушылар халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл өз кезегінде әлемнің кез келген нүктесінде кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында жеке инвестициялар есебінен «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені іске қосылды.

Түркістан облысында ПТР зерттеулер бойынша өткен тәулікте 2,5 мың адам тексеріліп, жалпы 800 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясына тексеруден өткен. Өңірде 14 ПТР зертханалары қызмет атқарады. Тікелей эфирде өткен брифинг барысында облыс басшысы өңірдің эпидемиологиялық ахуалы жайлы айтып өтті.

Ақпан айынан басталған вакцинацияның 320 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Жалпы,128 егу пункттерінде 1-компонентті 300 мыңнан аса адам, ал, 2-компонентті 130 мыңнан астам адам қабылдады. Облыстың медициналық ұйымдарын дәрілік заттармен және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2 айлық қор резерві қалыптастырылды. Өңір тұрғындарын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда дәріханалары арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылды.

Коронавирусқа қарсы күрес мақсатында 368 дана өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталды. Сонымен қатар, 890 оттегі концентраторлармен, 8 оттегі стансасымен және 171 дана жедел автокөліктермен қамтамасыз етілді. Өңірдің эпидемиялық ахуалы тұрақты бақылауда.

Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан түскен өзге де сұрақтарға толыққанды жауап берді.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз