Сырдария суын қалай пайдаланып жүрміз?

Бастауын Қырғызстан мемлекетінен алатын Сырдария бассейні Өзбекстанның бірнеше облыстарын кесіп өтіп, Түркістан, Қызыл­орда өңіріне жетіп жығылады. Яғни Алатаудан Арал теңізіне дейінгі аумақты қамтиды. Сол Сырдария мен Орталық Азияның басқа да өзендерінің суы жыл сайын төмендеп кетеді. Бұл ең алдымен Қырғызстандағы Тоқтағұл су электр стансасының (ТСЭС) толу жылдамдығын төмендетіп, ол жердегі электр қуатын өндіретін стансаға кері әсерін тигізеді. Сосын Өзбекстан мен Қазақстан аумағындағы өзен ағысы да бәсеңдеп, егінді суару мүмкіндігі одан сайын азаяды. Осыған орай ел экономикасына септігі тиер деген оймен біз де өз ұсынысымызды жасауға бел будық. Біз ұсынып отырған жобаны жүзеге асыру үшін заңнамаға өзгеріс енгізудің де керегі жоқ.

Тоқтағұл су электр стансасы Нарын өзенінің бойында орналасқан. 1975 жылы пайдалануға берілген станса қырғыз еліне қажетті электр қуатының 40 пайызын өндіреді. Бірақ, бұрын бұл жұмыс мамыр айынан шілде айына дейін жүргізілетін болса, тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап Тоқтағұл су стансасы өзіне тән емес энергетикалық режимде жұмыс істеп келеді. Яғни бүгінде су қоймасына су күз және қыс мезгілдеріне дейін жиналады да, қыста энергия қуатынан тапшылық болған кезде амалсыздан ағызылады. Сосын көктемге дейін су қоймасын толтыруға мүмкіндік болмай, егінге су жетпей қалады. Жалпы, Қырғызстанда электр қуатының тапшылығы тоқсаныншы жылдардан бастап ұлғайып келеді. Ресей Орталық Азияның біртұтас энергетикалық шеңберінен шыққаннан кейін ол тапшылық жыл сайын 4 пайызға артуда.

Ал, кеңестік кезеңде Орталық Азия су-энергетика саласында біртұтас жүйе жұмыс істеген. Өзен ағысының жоғары жағындағы Тәжікстан мен Қырғызстан қыс мезгілінде жетпей жатқан электр энергиясын Қазақстан мен Өзбекстаннан алатын. Ал, қыс мезгілінде Нүрек, Қайраққұм және Тоқтағұл су қоймаларына жиналған су жаз мезгілінде Қазақстан мен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін жіберілетін. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Қазақстанның біртұтас оңтүстік энергетикалық жүйесі де құрдымға кетті. Содан кейін өзеннің төменгі ағысындағы елдер көрші мемлекеттерге газ бен электр қуатын нарықтық бағамен сатып жатыр. Берешекті төлемеген жағдайда оны да тоқтатады. Соның салдарынан Тәжікстан мен Қырғызстанда қысқы маусымда электр қуаты тапшы болып, күз және қыс мезгілдерінде электр қуатын таратуға қатаң шектеулер қойылады.

Бүгінде Өзбекстан қарызын өтемеген Тәжікстан мен Қырғызстанға газ жеткізуді шектеді. Сол себепті көрші елдер қыс айларында Нарын су электр стансасының турбиналарын іске қосуға мәжбүр болып отыр. Осының салдарынан жыл сайын қыста таситын Сырдария суы Өзбекстан мен Тәжікстанның солтүстігіндегі мыңдаған гектар егін алқабын басып өтіп, ақпан айының аяғында Қазақстанның оңтүстігінде де су тасқынын туындатады. Қазіргі уақытта Сырдария суын Тәжікстан мен Қырғызстан электр қуатын өндіруге, ал,  Өзбекстан мен Қазақстан егін суаруға пайдаланады. Яғни өзен ағысының жоғары жағындағы электр қуаты жетіспейтін елдер су ағызуды қыс мезгілінде, төменгі жақтағы елдер егінді суару үшін жаз мезгілінде қажет етеді. Сондықтан көршілес елдердің қарама-қайшы қажеттілігі болашақта әлеуметтік және геосаяси шиеленіс тудыруы әбден мүмкін.

Жанармай бағасының күрт өсуіне байланысты Қырғызстан мен Тәжікстан қыс мезгілінде су ресурстарын  белсенді қолдана бастады. Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасы энергетикалық режимде жұмыс істеуді бастап, осыған байланысты Сырдарияның табиғи су ағысы азайды.

Мұндай жағдайда не істей аламыз? Әлбетте, қолданыстағы жобаны жандандырып, су мен электр қуатын айырбастау жүйесін қалыпқа келтіру керек. Яғни біз ұсынған жоба арқылы қыста Тоқтағұл су электр стансасынан су ағызуға тоқтам қойылып, қажетті электр қуатын олар біздің елден алады. Болжам бойынша, бұл жобадан Өзбекстан – 36, Қазақстан – 31 миллион, жалпы, екі ел 67 миллион доллар ұтады. Ал, Қырғызстанның осы мәселені шешуге жұмсайтын шығыны 115 миллион АҚШ долларын құрайды екен. Демек, аталған жоба аясында Қырғызстан қыс мезгілінде су ағызып, энергия өндіруден құтылады және шығынды екі есе азайтады. Ең бастысы, Сырдарияның ағысы қажетті кезеңде қалыпты күйде болып, шаруалар ағын судан қысылмайтын болады.

Қажетті энергия көзі ретінде Қазақстанның оңтүстігінен ірі жел электр стансасын салудың тиімділігі зор. Ондай станса салуда отандық мамандардың тәжірибесі бар. Оның үстіне жел – таза әрі тегін энерия көзі. Мамандар мұндай стансаны Алматыдан шығысқа қарай 100 шақырым жердегі Шелек жел дәлізіне салғанды жөн көрген. Сол стансадан қалаға қарай қуаттылығы 220 кВт-тық екі электр тасымалдау желісі тартылады. Ал, Алматыдан Бішкекке дейін ұзындығы 200 шақырым болатын 500 кВт-тық электр тасымалдау желісі қажет. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы заңына сәйкес, 0,5 млрд. кВт/сағ. тасымалдау құралдарымен электр энергиясын тасымалдау тегін болады.

Электр стансасының қуаты (500 000 000 кВт/сағ.) = 6 айда 125 МВт-ны құрауы қажет. Ал, мұндай жел электр стансасын салуға 125 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалады. Бұл біз ұсынған схема бойынша Қазақстанның 31 млн. АҚШ доллары болатын жылдық пайдасынан шамамен бес есе артық. Демек, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 5 жылды құрайды. Сонымен қатар, Өзбекстанның 36 млн. АҚШ доллары көлемінде алатын пайдасын ескерсек, жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі 2,5 жылға дейін азаяды. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің табиғи су ағынын қалпына келтірудің бұл тәсілі Қазақстан мен Өзбекстандағы егістік алқаптарды суаруды қамтамасыз етуден бөлек, Арал теңізін толтыруға да ықпал ететіні анық. Ал, қазір қыс мезгілінде жіберілген су Қазақстандағы Көксарай су қоймасы мен Өзбекстандағы Сардоба су қоймасын ғана толтыруға жетеді.

Соңғы кездері Сырдария өзенінің табиғи су ағынының бұзылуы және судың жетіспеуі салдарынан Қызылорда облысының стратегиялық өнімі – күріш егілетін алқаптар көлемінің кеміп кету қаупі бар. Оған қоса, сарапшылар пандемия жағдайында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оңтүстіктегі екі аймақ – Түркістан мен Қызылорда облыстарының күшін біріктіру қажет деп санайды.

Аталған көршілес елдердің ортақ мәселесін осылай шешуге болады деп санаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір өзеннің суын пайдаланып отырған мемлекеттер күрделі проблеманы тиімді тәсілдермен шешеді деп үміттенеміз.

Сәкен АБСАМАТОВ, Түркістан қалалық сотының судьясы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі.

Марат ҚАМБАРОВ, техника ғылымының докторы, КРСО-ның құрметті энергетигі.

 

 

 

4 пікір

  • Сексексекс
    Сексексекс

    Назира апай көк бет фарида қотақбасс Айгүл тем более амшық қаншық проститутка

  • Сексексекс
    Сексексекс

    10Б СИЛААА

  • Сексексекс
    Сексексекс

    Менің ойымша бекзат котакбас

  • Ислам
    Ислам

    Қотақ

Пікір қалдырыңыз