Еуразиялық банк дағдарыстан қалай шықты?

«Еуразиялық банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы №15 филиалының директоры Б.Талдахметовтың айтуынша, пандемияға қарамастан банк өз клиенттерінің санын арттыра алды және өз қаражаттарын банкте сақтауды, сол арқылы  шығындар көлемін азайтуды ұқтыра білді. Соның арқасында депозиттері мен шоттарындағы қаражат көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 19 пайызға өсті. Бұны біз Еуразиялық банкке деген сенімінің қалыптасуының арқасында деп білеміз» дейді филиал басшысы.

Пандемияға байланысты көптеген тұрғындар несие алудан бас тартып, соның салдарынан былтыр бөлшек несиелер мен автонесиелер портфелінің төмендеуі байқалды. Алайда, вакцинациялау басталғаннан бері әлемдік және қазақстандық нарықтардың қайта жандануы, карантиннің жеңілдеуі, банкке халықтың несие  алуға деген сұранысын арттырады деген оптимистік болжамдар жасауға мүмкіндік беріп отыр. Еуразиялық банктің әлі күнге дейін автонесиелеу нарығында көшбасшы екені мәлім. Бұл тұрғыда банк несиеге автокөлік іздеу және сатып алу процедурасын едәуір жетілдіруге ниетті.

 

Сандық банкинг

Егер осы уақытқа дейін Еуразиялық банк тұтынушылық несиелерімен танымал болса, енді заман үдерісіне байланысты біз онлайн-несиелік қызметтерді жетілдіруге ұмтылып жатырмыз. Пандемияның арқасында мобильді қосымшалар мен сандық арналардың танымалдығы өсе түсті. Бұған тамақ жеткізу, такси, әлеуметтік желілер сынды қызметтердің  күрт өсуінің әсері мол болды. Карантиндік шектеулер кезінде барлық қазақстандық банктер цифрландыру мен қашықтықтан қызмет көрсетудің үлкен нарығын қалыптастырды. «Еуразиялық банк» те осы жолдан қиыс кеткен жоқ. Біз қазір цифрлық бизнестің блогын құрып, өнім түрлерін жаңарту үстіндеміз. Бүгін де бұл жұмыстың 60-70 пайызы аяқталды. Әйтсе де тұтынушылар арасында қолма-қол жасалмайтын транзакцияларға сұраныс арта түсуде. Бүгінде мұндай транзакциялар саны 16 пайызға өсіп отыр. Сатып алу операцияларын аударымдар арқылы жүргізудің жалпы көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 27 пайызға артып отыр.

– Онлайн қызметтерге деген сұраныстың артуына байланысты «Еуразиялық банк» «Smartbank» мобильді қосымшасын толық жаңартуға дайындалып жатыр. Себебі, мобильді қосымшаның көмегімен тұтынушылар банктің негізгі қызметтерін алуға болады. Жақын күндері біз өз клиенттерімізге бірегей төлем картасын ұсынамыз. Алайда, цифрландыру үрдісінің белсенді жүргізілуіне қарамастан банк онлайн режиміне толық көшуді қалап отырған жоқ. Жеке консультация үшін филиалдарға келуді қалайтын клиенттер, әдеттегідей қызмет алу мүмкіндігін сақтап қалады, – дейді филиал директоры.

Бизнес және корпоративті клиенттерге келетін болсақ, банк бұл саланы белсенді түрде дамытуға ниеттеніп отыр. Осыған байланысты корпоративті блоктың командасы айтарлықтай жаңартылып, жақын арада банк несиелік картаны және басқа өнімдерді, оның ішінде онлайн режимінде де тұтынушыларға ұсынады.

 

Дағдарыс кезеңінде банк клиенттеріне қол ұшын созу...

2020 жылы банк клиенттерінің саны шамамен 4 миллион адамды құрады. Бұл – қазақстандық банктер арасында үшінші ірі қаржылық клиент базасы. Несиелерді кейінге қалдыру науқаны, кәсіпкерлік пен экономикалық белсенділіктің төмендеуі, карантиндік шектеулер банктің жалпы несиелік портфелінің 13 пайызға, яғни 562,433 млрд. теңгеге дейін төмендеуіне әсер еткенін айта кеткен жөн. Пандемия кезінде тек «Еуразиялық банк» 185 мың клиенттің несие төлемін 3 айға кейінге шегерді. Клиенттердің көпшілігі жұмыссыз қалып, соның кесірінен өткен жылдың соңына дейін несиесін төлей алмағандар да болды. Олардың үлесі 20 пайыз шамасында. Банк олар үшін төлем кестелерін қайта түзіп, бөліп төлеу жоспарын ұсынды. Олар несие төлемдерін осы жылдың 1 тоқсанынан бастап төлей бастады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 15 мыңнан астам клиенттің несиесін төлеу кейінге қалдырылды. Пандемия кезіндегі карантиндік шектеулерге қарамастан «Еуразиялық банк» бұл жағдайға тезірек бейімделіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша банк карточкалық операцияларды жандандыру, инвестициялық портфельді сауатты басқару есебінен табысын 1,5 есеге арттырды. Жинақталған таза пайда бір жарым есеге өсіп, 6,8 млрд. теңгені құрады. Оның үстіне, банк Мәскеудегі өзінің еншілес банкін сатпағанда, тағы да 2,1 миллиард теңгеге пайда қосымша түсер еді. Акционерлердің 2019 жылға дивидендтерді алудан бас тартуына байланысты 2020 жылы банктің меншікті капиталы 10 пайызға, яғни 109,050 млрд. теңгеге дейін өсті.  Акционерлер өз есебінен меншіктік капиталға қосымша тағы 4 миллиард теңге салды. Бұл қаржы тұрақтылықты жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша талап етілген қаржыдан едәуір көп екендігін атап өткен жөн.

Дәулет Тұрсынұлы.

 

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.68/242/40 лицензиясы.

 

 

Пікір қалдырыңыз