Намысты қолдан бермеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алтай» спорт клубында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімдері арасында тапанша атудан «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін республикалық турнир өтті. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлініп, сынға түсті.

Турнирде Түркістан облысының намысын қорғаған Отырар ауданы, «Көкмардан» жалпы орта мектебінің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімі Рақымжан Жұмагелдиев бірінші орын иеленді. Ол 35-39 жас аралығындағы мұғалімдер арасында топ жарды. Бұл санат бойынша екінші орын тағы бір отырарлық ұстаз – Ө.Жәнібеков атындағы №4 мектеп лицей-интернатының мұғалімі Мейрамхан Мамаққа бұйырды. Үшінші орынды Түркістан қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің мұғалімі Дәулет Назарбеков иеленді. Осылайша 35-39 жас аралығындағы мұғалімдер бойынша жеңіс тұғырына тек Түркістан облысының ұстаздары көтерілді. Әр санатта жеңімпаз атанған мұғалімдерге алтын медаль мен «Үздік АӘД пәнінің мұғалімі» төсбелгісі табысталды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

 

Пікір қалдырыңыз