Бір алқаптан – екі өнім

Ысқақ САДЫҚ, «Ońtústik Qazaqstan».

Ордабасы – төрт түлік мал өсіріп, егін шаруашылығын да дамытып отырған облыстағы ең іргелі аудандардың бірі. Аудан тұрғындарының басым көпшілігінің күнкөріс көзі – жер. Тіпті, бір алқаптан екі рет өнім алып жатқан шаруалар да бар. Солардың бірі – Самат Сәулебаев.

Ол 2016 жылдан бері өз меншігіндегі жерге қияр мен қызанақ егіп, мол өнім алып келеді. Алғашында әкесі Керімбай Сәулебаевтың төрағалығымен ашылған «Әділет» шаруа қожалығын бүгінде ұлы Самат басқарып отыр. Олар жылдағы дәстүр бойынша жиналған өнімді аудан, қала базарларына өткізіп келеді.

Биыл ерте көктемде ауласындағы жылыжайға Голландиядан жеткізілген 30 мың түп «Тания» қызанағы мен қиярдың 32 мың түп «Шандини» және «Миринда» сортын еккен болатын. Бүгінде ол дақылдар жетіліп, таяу күнде өнім береді.

Шілдеде алғашқы өнімін жинайтын тәжірибелі диқан іле-шала жерін қайта қопсытып, екінші рет өнім алуға кіріспек.

 

 

Пікір қалдырыңыз