Жерлестеріміз намысты қолдан берген жоқ

Еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өткен универсиадада созақтық жастар топ жарды. Гір көтеру спортынан Созақ ауданының бірнеше спортшысы алтыннан алқа тақты.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өткен универсиадаға Қазақстанның 25 ЖОО-ның студенттері қатысты. Олар 30 спорт түрі бойынша кім мықтыны анықтады. Гір көтеру спорты бойынша Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ намысын қорғаған созақтық өрендер 3 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Атап айтар болсақ, 63 келіде Ердос Рысбекке тең келер спортшы табылмады. 73 келіде Бақытжан Тұрғанбай алдына жан салған жоқ. 95 келіде Ерболат Ахметтің бағы жанды. 85 келіде сынға түскен Нұрлыбек Шекербек ақтық сында ғана сүрініп, күміс жүлдегер атанды.

Гір көтеруден жалпыкомандалық есепте Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ командасы топ жарды. Спортшыларды осы жарысқа дайындаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұратбек Серікбаевтың еңбегін ерекше атап өтсек жарасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз