Майталмандар марапатталды

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Ońtústik Qazaqstan».

2013 жылдан бері ҚР Президентінің Жарлығымен жыл сайын 21 мамырда Мәдениет және өнер қайраткерлерінің күні мерекеленеді. Иә, мәдениет – халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі. Қай елдің мәдениеті мықты болса, сол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болмақ.

Осынау салалық мереке облысымызда да жоғары деңгейде аталып өтілді. Мерекелік жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтаев, басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мереке барысында белгілі өнер иелері Уәлибек Әбдірайымов пен Абылай Бөріхановқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы тапсырылды. Сондай-ақ, бір топ мәдениет және өнер қайраткеріне «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» медалі табыс етілді. Ал, бір топ қызметкерге «Мәдениет майталманы» төсбелгісі тапсырылды.

Марапат иелері салалық министрліктің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін алғыстарын жеткізді.

 

 

Пікір қалдырыңыз