Қазақстан және қызыл империя

1931-1933 жылдары қазақ даласында болған алапат ашаршылық салдарынан халқымыздың үштен бірі опат болды. Бәлкім одан да көп... Ел есін жимай жатып қызыл репрессия турап түсірді.

1937-1938-дің зұлматы ұлтты өрге сүйрейді-ау деген ұл-қыздардың түбіне жетті. Қазақтың бүгінгі күнге қалай аман жеткеніне таң қаласың. Қызыл империя заманында Қазақстанда 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам тұтқын азап шекті. Осы жылдары 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер сол зұлмат жылдардың құрбандары. Жазықсыз жала жабылып, атылған, итжеккенге айдалған ұлт серкелерінің отбасылары да қуғынға ұшырап, лагерьлерге қамалды. 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген АЛЖИР – «Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдер лагеріне 20 мыңға жуық әйел қамалып, олардың 7 мыңнан астамына топырақ сол өлкеден бұйырды. Өткенге салауат айта отырып, кейінгі жас ұрпаққа қанқұйлы жылдардың оқиғасын түсіндіру, жазықсыз құрбандардың есімдерін мәңгі есте қалдыру – адамдық борышымыздың зоры болмақ.

Саясат бөлімі.

 

 

Пікір қалдырыңыз