Жеке құрам, техника мен қару-жарақ жазғы кезеңге дайын

Оған 1 000-нан астам әскерилер қатысты.

Шымкент қаласының механикаландырылған бригадасында жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың жазғы оқу кезеңіне дайындығы саптық тексерістен өтті. Оған 1 000-нан астам әскерилер қатысты.


Әскери қызметшілердің киім нысаны мен киім-кешегі, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталуы, бригада бөлімшелерінің қару-жарағы мен әскери техникасының жай-күйі тексерілді.


Жаңа оқу кезеңіне сапалы дайындық мақсатында бригадада жеке құрамды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар, атап айтқанда, нұсқаулық-әдістемелік және көрнекі сабақтары өткізілді.


– 2021 оқу жылының жазғы кезеңіне жоспарланған жауынгерлік даярлық іс-шараларын сапалы жүзеге асыру әскери қызметшілердің барлық санаттарының кәсіби біліктілігін арттыруға және басқару органдарының мақсаты бойынша міндеттерді орындауға келісімділігі мен дайындығын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі подполковник Нүркен Қарағұлов.

Пікір қалдырыңыз