Қазақстандық кілемдер әлемдік нарықта

Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі, қазақстандық «Бал Текстиль» компаниясы «Бал Декор» атты жаңа кәсіпорнын іске қосты. Кілемдер мен кілемшелер шығаратын мекеме ерекше дизайндағы ванна төсеніштерін шығара бастады.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін бұл өнім Қазақстанға тек шетелден жеткізілетін. Қазір қазақстандықтар сапасы мен түрлері жағынан шетелдік өнімнен еш кем түспейтін отандық төсеніштерді қол жетімді бағамен алуда.

МАҢЫЗДЫ СЕРІКТЕСТІК

«Бал Текстиль» ЖШС директоры Талғат Исхахов 1994 жылдан бастап кілем сатумен  айналысады.  Білімі жетіліп, әбден тәжірибесі нығайған соң өз өндірісін ашуды ұйғарады. Солай кілем тоқу саласындағы үздіктердің бірі – түріктің «Kartal Tekstil Sanayi Ve Ticaret LTD. STI» компаниясымен  серіктестік орнатады. Осылайша  алғашқы қазақстандық кілем фабрикасы пайда болып, өз өнімдерін 2013 жылы «Оңтүстік» (Шымкент) АЭА аумағында өндіре бастады. Сол уақыттан бастап «Бал Текстиль» компанияның Сбербанкпен де маңызды серіктестігі басталады және әлі күнге дейін жалғасып келеді. Банк компанияға тиімді шарттармен несие береді.

Құрылтайшылардың қаражатына жалпы алаңы 15 мың шаршы метрді құрайтын екі шеберхана және кеңсе ғимараты салынады. Ал Сбербанктен алынған ақша айналымға жұмсалады, яғни қосымша тоқыма машиналары мен құны 2 миллион еуро тұратын Oerlikon Neumag неміс полипропилен жібін өндіретін жабдықтарды  сатып алған.

 

Бұл Қазақстандағы бірегей өндіріс орны, елімізде басқа ешкім кілемге арналған жіптер шығармайды. Аталмыш материал жүн мен полиамидке қарағанда арзан, кір көтереді, жуғаннан кейін түсін жоғалтпайды. Құрылғы тәулігіне 10 тонна жіп дайындайды. Демек өнімнің өзіндік құнын 20% төмендетуге мүмкіндік береді.

Фабрика үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі - иірілген жіп өндірісі. Тіпті коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде де, жұмысшылардың шамамен 80 пайызы еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған уақытта да, полипропиленнен жіп шығаратын цех жұмысын жалғастырған. Фабрика өнімді сатуға емес, өз қажеттіліктері үшін шығарыпты.

Бірінші несиелік желі аяқталғаннан кейін зауыт Сбербанкпен ынтымақтастықты жалғастыруға шешім шығарады. Өйткені серіктестіктің сенімділігі мен тиімділігіне көз жеткізеді.

- Шикізат сатып алуға, сондай-ақ басқа елдерге қаражат аудару кезінде Сбербанктің қызметтерін пайдалану өте ыңғайлы. Аударымдар үшін комиссия өте төмен және халықаралық транзакцияларды жылдам жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар кез-келген кәсіпкер үшін несие алу барысында шарттарының адал болуы, әр адаммен жеке жұмыс жасай білуі өте маңызды, біз мұның бәрін Сбербанктен таптық, - дейді фабриканың бастығы Талғат Исхахов.

 

Кәсіпорын банкпен «Бизнестің жол картасы-2025», «Өндіріс», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында жұмыс жасайды. Соның арқасында бельгиялық «Michel Van De Wiele» жоғары технологиялық тоқыма машиналары, тағы «Superba» (Франция) және «Alima Volkmann» (Германия) жіптерін өндіруге арналған жабдықтар сатып алынады.



 

 

ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУ

Бүгінгі таңда фабрика жылына 4000 тонна полипропиленнен жасалған жіп және 5 миллион шаршы метрден аса кілемдер мен кілемшелер өндіреді. Кілемдердің 1500-ден астам түрі бар, олардың дизайнында ұлттық ою-өрнектер мен постмодерн, хай-тек, авангард, неоклассика стиліндегі өрнектер қолданылады. Қазақстандағы дистрибьюторлардың саны  400-ден асады.

Фабрика өнімдері TURAN, Хан-Тәңірі, Алатау, Барыс, Сарыарқа, Ұлытау, Алаш, Отырар брендтерімен сатылады және әлемдік сапаға сәйкес келеді, бұған ISO 9001-2009 сертификаттары куә.

 

2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» компаниясы экспортқа шығады. 

Бір жыл бұрын әлемге әйгілі IKEA компаниясы Қазақстанда жасалған кілемдерге назар аудара бастайды. Солай алғаш рет Швед бренді қазақстандық кәсіпорынмен келісімшарт жасасады.

Бүгінгі таңда кілем фабрикасы өнімдерінің 20% Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Еуропа елдеріне экспортталады. Гипермаркеттер мен бөлшек сауда компанияларының желісіне иелік ететін «LuLu Group» конгломератымен ынтымақтастықтың арқасында биыл сатылым мен сұранысты бақылап көру үшін БАӘ-ге кілемдер жібереді. Алда Қытай мен АҚШ нарықтарына шығу мүмкіндігі қарастырылуда.

 

Болашақ жоспарларға тоқталар болсақ, зауыт төртінші цехтың құрылысын бастауға ниетті. Сонымен бірге төрт жаңа станок сатып алу жоспарланып отыр, осылайша олардың саны 17-ге жетеді. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді. Жабдықтарды сатып алу үшін «Бал Текстиль» компаниясы  сенімді серігі Сбербанкке жүгінбек.



 

БАЛ ДЕКОР

Қазір «Бал декор» төсеніштерін шығаратын жаңа кәсіпорын қарқынды жұмыс жасауда. Өнімнің  басты ерекшелігі - бактерияға қарсы, жылу оқшаулағыш, еденде таймайды және кір машинасында оңай жууға болады. Компания сапаға басымдық берген, сондықтан тек тексерілген шикізат қолданылады. Шикізат әлі күнге дейін Түркиядан әкелінуде, бірақ алдағы уақытта өз өндірісін құру жоспарлануда, бұл шығындардың төмендеуіне де әсер етеді. Кәсіпорын жылына 400 мың шаршы метр кілем шығарады. Барлық өнімдер ішкі нарыққа жеткізілуде. Болашақта Өзбекстан, Ресей және Тәжікстанға өндіру жоспарда. Қазір мұнда түрік мамандарынан дәріс алған 20 адам жұмыс жасайды.

Дизайнерлер кілемшелердің әр түрлі эскиздерін әзірлеген.  Стильдері де әртүрлі: заманауи, классикалық, ұлттық, минимализм түріндегі төсеніштерді табуға болады. Сондай-ақ арнайы полиграфиялық жабдықтың көмегімен төсенішке кез-келген суретті, кескінді салуға мүмкінді бар, мысалы портрет, пейзаж, компания логотипі, әйгілі суретшілердің картиналары.

Жаңа өнімдерге деген қызығушылықты ескере отырып, фабрика дұрыс бағыт таңдағанына, өнімнің табысты болатындығына күмәнданбайды.

 

Пікір қалдырыңыз