20 жылдық түлектер баспана сыйлады

Түлкібас ауданында Абай атындағы мектеп-лицейінің 20 жыл бұрынғы түлектері тұрғын  баспанадан қиналып жүрген көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі үй сыйлады.  Дүйсенбековтердің отағасы мүгедек, өздері 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген. Түлектер мектеп қабырғасында өткен «Соңғы қоңыраудан»  кейін осы отбасыға тосын сый жасап, баспана кілтін табыстады.
Баспана заман талабына сай жөндеуден өткен. Электр жарығы, су және газ қосылған, ішіне қажетті жиһазқойылған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта жомарт жандар мен мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетілмек.
Бұдан өзге, аудандағы Қарағашты ауылында «Дауан» жалпы орта мектебінің дәл осындай 20 жыл бұрын бітірген түлектері төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жандары бар Тәжібаевтар отбасының құлап қалған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып берген. Сондай-ақ, аталған мектептің түлектері Қарағашты ауылының орталық мешітінің жылу жүйесін жүргізіп, кілемдерін жаңартып берген.
Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Пікір қалдырыңыз