Ай сайын – пәтер. Halyk Bank тағы 7 пәтерді ұтысқа шығарды

Клиенттердің өтініші бойынша Halyk Bank тағы да Алматыдағы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерді ұтысқа шығарды. Банк клиенттері, яғни ұтыс ойынына қатысушылар аталған тұрғын үй кешеніндегі жаңа жеті пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс ойыны 2021 жылдың 11 мамырынан бастап 19 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Былтырғы науқан клиенттердің көңілінен шыққаны белгілі. Ұтыс ойынын бір уақытта миллиондаған көрермен көріп, жылы пікірлерін білдірді. Ал, ойынның жеңімпаздары, яғни «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерді ұтып алған банк клиенттері өз өңірінде танымал адамға айналды. Осыған орай, Halyk Bank көпшіліктің сұрауымен Алматыда орналасқан 7 пәтерді тағы да ұтыс ойынына шығарып отыр.

Сонымен кредит немесе бөліп төлеуге зат сатып алу жоспарыңызда болса, онда Halyk Bank ұсынған тиімді ұсынысты қолданғаныңыз жөн. Тиімділігі неде десеңіз, ұтысқа қатысу арқылы ең аз пайыздық мөлшерлеме, 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу және жаңа пәтердің иесі атануға мүмкіндік бар.

Ұтысқа қатысу үшін қарапайым екі шартты орындау жеткілікті. Біріншісі – Halyk Bank-тен кредит алу немесе бөліп төлеуге кредит ресімдеу, екіншісі – Halyk Homebank қосымшасында әр ай сайын қызметтер үшін төлем жасау. Алғашқы пәтердің иесі маусым айында анықталады.

Сонымен 1-ші шарт бойынша қандай кредит түрлері қатыса алады?

Бөліп төлеу бойынша Halyk Homebank қосымшасында 24 айға дейін пайызсыз және банк серіктестерінің желісінде артық төлемсіз онлайн режимде бөліп төлеуге кредит ресімдеу. Halyk Market арқылы 200 000 теңгеден бастап 0-0-24 мерзімге бөліп төлеуді ресімдеу.

Кепілсіз кредиттер бойынша Halyk Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын онлайн кредит, бөлімшеде 500 000 теңгеден басталатын кепілсіз кредит, 1 000 000 теңгеден басталатын шұғыл қажеттіліктерге берілетін кредиттер қатысады.

Ал, кепілді кредиттер бойынша ипотекалық қарыз 1 000 000 теңгеден басталатын кредиттер, оның ішінде «7-20-25», «Баспана хит» мемлекеттік бағдарламалар да қатысады.

Соңғысы автокредиттеу. Серіктестердің автосалонында. Жеңілдікпен берілген кредиттеуді қоспағанда.

Кредитті немесе бөліп төлеуді бір рет ресімдеп, барлық 7 ұтыс ойынына да қатысуға болады. Ол үшін екінші шартты орындау қажет: Halyk Homebank қосымшасында төлемдер жасау. Ескеретін жайт, кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз және екінші шартты орындасаңыз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

2-ші шарт бойынша Halyk Homebank қосымшасында қандай төлемдер жасау керек?

Екінші шартты орындау үшін 2021 жылдың мамырынан бастап желтоқсанға дейін (әр айдың 20-күніне дейін) Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден басталатын сомаға кемінде бір төлем жасау қажет. Осылайша Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз төлем жасап, 7 пәтердің бірін ұтып алудың мүмкіндігіне ие боласыз. Ал, егер сіз жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырғыңыз келсе, онда айына бірнеше рет және әртүрлі санаттағы төлемдерді жасаңыз. Мысалы, егер сіз ұялы байланыс үшін 1, интернет үшін 1, коммуналдық қызмет үшін 1 рет төлем жасасаңыз, онда сіз ұтыс тізіміне 3 рет қосыласыз.

Тек бұл ғана емес, Halyk Homebank арқылы қызметтерді төлей отырып, сіз қосымша жүлделі ұтыс ойынына да қатыса аласыз. Әр апта сайын iPhone 12 ұтып алу және коммуналдық қызмет үшін жұмсалған соманы 100 пайыз бонус ретінде кері қайтара аласыз. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасында әр апта сайын төлем жасау керек.

Арманыңызды орындау мақсатында ұтысқа қатысып оңтүстік астанада орналасқан жайлы пәтерді ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. «Halyk Bank-тен ай сайын пәтерлер ұтысы» науқаны бойынша кредит алып, Halyk Homebank-те қызметтерге ақы төлеңіз және Алматының ең көрікті ауданы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз! Кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Науқан туралы барлық соңғы жаңалықтарды Halyk Bank-тің желідегі, яғни Instagram (@halykbank.kz), Facebook парақшаларынан біле аласыз.

Тағы бір ескертетін жайт, ұтыс ойынына ең көбі 10 төлем қатысады. Ал, Halyk Bank қызметкерлері, банкпен айрықша қарым-қатынастағы тұлғалар және аталған ұтыс аясында пәтер ұтып алған клиенттер, сондай-ақ, ұтысқа қатысатын кредиті бойынша толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеген клиенттер, ұтысқа қатысатын кредиттері бойынша ай сайынғы өтеу сомасы кешіккен клиенттер, банктегі кез келген кредиті бойынша өтеу сомасы кешіккен клиенттер – ұтыс ойнына қатыса алмайды.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз