Елбасы Түркістанға баруға кеңес берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берді.

«Екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл – еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Жаңарған Түркістанды көргендердің барлығы таң қалуда. Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында, менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз