Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!

Қымбатты жерлестер!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған өңір тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің, көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін тамаша дәстүрлерін жалғастырудағы жарқын мерекесі.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халқымыздың дана сөзі бар.

Тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері – бұл, ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлттық және діни тиесілілігіне қарамастан ұлы және мызғымас достығының нәтижесі. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Сіздерді ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, түсіністік және келісім мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, әр отбасына бақыт пен бақ-береке тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚР Парламенті Сенатының

депутаты Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев.
Пікір қалдырыңыз